Әлеумет

Атырау облысында 27 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады

Атырау облысында 27 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады

Атырау облысында бүгінде 27 308 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтері бірнеше бағытта көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл 3 478 адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті қызмет алған. Сонымен қатар 795 адам арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында көмекпен қамтылған. Қазіргі таңда облыста мүгедектігі бар азаматтарға төрт арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы арқылы қолдау көрсетіледі. Облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығының басшысы Ғалия Бижанованың айтуынша, орталықта І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар жолдама арқылы қабылданады. — Біздің орталықта сумен емдеу, физиотерапия, массаж және емдік дене шынықтыру сияқты 6 бағыт бойынша оңалту қызметі көрсетіледі. Орталық 55 орынға арналған: 35-і стационарлық, 20-сы күндізгі бөлім. Қызмет алушылар 10 күн бойы ем қабылдайды. Жыл сайын шамамен 1100 адамға оңалту қызметін көрсетеміз, — деді ол. Сонымен қатар қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған 145 инватакси қызметі жұмыс істейді. Жыл басынан бері 153 адамға 306 тасымал ұйымдастырылған. Мамандардың айтуынша, өңірде мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Құралай Тлеумағамбетованың айтуынша, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында облыста 1,8 мыңнан астам әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысанын бейімдеу жоспарланған. — Былтыр INVAGOV порталында жоспарланған 444 нысан толық енгізілді, — деді ол. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында №1–4 әлеуметтік орталықтар мен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығында 335 бейнебақылау камерасы орнатылып, олар Ішкі істер органдарының жедел басқару жүйесіне қосылған.

Телефоныңыздағы құжат заңды ма? Жаңа ереже талқыланып жатыр

Телефоныңыздағы құжат заңды ма? Жаңа ереже талқыланып жатыр

Қазақстанда цифрлық құжаттарды пайдалану тәртібін жаңартатын жаңа жоба әзірленді. Құжат қабылданса, азаматтар мобильді қосымшадағы құжаттарын бұрынғыдан да еркін пайдалана алады. Бұл туралы ашық талқылауға шығарылған нормативтік-құқықтық акті жобасында айтылған, деп хабарлайды AtyrauPress.Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Цифрлық құжаттар сервисінде электронды құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады. Қазірдің өзінде қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі сияқты құжаттарды көрсете алады. Алайда кейбір мекемелерде цифрлық нұсқаны қабылдау мәселесінде түсініспеушіліктер кездеседі. Кей жағдайда азаматтардан қағаз құжаттың өзін немесе көшірмесін сұрайтын жағдайлар да болады. Жаңа жоба осы мәселені нақты реттеуді көздейді. Яғни цифрлық құжаттарды қалай көрсетуге және қалай тексеруге болатыны нақты белгіленеді. Ең бастысы — мобильді қосымшадағы цифрлық құжаттар қағаз құжаттармен тең дәрежеде қолданылатын болады. Құжаттың шынайылығын тексеру үшін QR-код немесе арнайы қысқа код қолданылады. Азамат цифрлық құжатын көрсеткен кезде қызметкер оны осы код арқылы бірден тексере алады. Сонымен қатар цифрлық құжаттар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы қалыптасып, электронды цифрлық қолтаңбамен қорғалады. Мәселен, банкке немесе қонақүйге барғанда бұрын кейбір жағдайда жеке куәліктің қағаз нұсқасын сұрауы мүмкін еді. Ал жаңа тәртіп енгізілсе, телефондағы цифрлық құжатты көрсетіп, QR-код арқылы тексерту жеткілікті болады. Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер қағаз құжат тасу қажеттілігін азайтып, мемлекеттік және жеке қызметтерді алуды жеңілдетеді. Сонымен қатар құжаттарды тексеру үдерісі де жылдам әрі ыңғайлы болмақ. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Серік Шәпкенов тұрғындарды қабылдады

Серік Шәпкенов тұрғындарды қабылдады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов “AMANAT” партиясының облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда қандастарға 125 квота бөлінді

Атырауда қандастарға 125 квота бөлінді

Өңірлік квота аясында көшіп келетін қандастарға бір рет берілетін көшу субсидиясы отбасының әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде төленеді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құтқарушылар атыраулықтарды мұзға шықпауға шақырады

Құтқарушылар атыраулықтарды мұзға шықпауға шақырады

Жыл басынан бері мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесінің бұзылуына байланысты 9 жағдай тіркелді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов брифинг барысында мәлім етті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда 28 мыңнан астам жұмыссыз әлеуметтік төлем алды

Атырауда 28 мыңнан астам жұмыссыз әлеуметтік төлем алды

2025 жылы Атырау облысында жұмысынан айырылуына байланысты 28 225 адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 12,6 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда 29 әлеуметтік нысан лицензия алды

Атырауда 29 әлеуметтік нысан лицензия алды

Өткен жылы Атырау облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 29 ұйым халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша лицензиядан өтті. Лицензиялау талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті болды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері дүниеден өтті...

Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері дүниеден өтті...

Тоқсан төрт жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері, даңқты мұнайшы, КСРО Мұнай өнеркәсібінің үздік қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, Атырау облысының Құрметті азаматы, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Есен Тасқынбаев дүниеден өтті.