Атырауда

Атырауда православ христиандардың Шоқыну мерекесіне арналған суға түсу рәсімі өтті

Атырауда православ христиандардың Шоқыну мерекесіне арналған суға түсу рәсімі өтті

Атырау облысында православ христиандардың дәстүрлі Шоқыну мерекесіне орай суға түсу рәсімі ұйымдастырылды. Арнайы жабдықталған мұз ойықтарында өткен шара құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалада тәулік бойы қар тазалап, жолдарды өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Қалада тәулік бойы қар тазалап, жолдарды өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Қалада қолайсыз ауа райына байланысты тәулік бойы қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтердің үлкен күштері жұмылдырылғаны туралы AtyrauPress хабарлайды.

ТШО Теңіздегі екі өртке қатысты ресми мәлімдеме жасады

ТШО Теңіздегі екі өртке қатысты ресми мәлімдеме жасады

Теңіз кен орнында электр генераторларында болған өрттерге қатысты «Теңізшевройл» компаниясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды AtyrauPress.Компанияның мәліметінше, Теңізде электр генераторларында екі өрт дерегі тіркелген, алайда олар жедел түрде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ, ал өндірістік қызмет қалыпты режимде жалғасып жатыр. «Қызметкерлердің қауіпсіздігі – ТШО үшін басты басымдық. Компания оқиғаның түпкі себептерін белгіленген тәртіпке сәйкес анықтауда», – делінген ресми хабарламада. Сондай-ақ компания өкілдері операциялық қызметтің жекелеген мәселелері бойынша қосымша түсініктеме берілмейтінін атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Теңіздегі өндірістік аумақта электр жабдықтарына байланысты төтенше жағдай тіркеліп, жұмысшылар эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда.

Атырауда Теңіз аумағынан өрт шықты: 473 жұмысшы эвакуацияланды

Атырауда Теңіз аумағынан өрт шықты: 473 жұмысшы эвакуацияланды

Теңіз вахталық қалашығында орналасқан «ТШО» ЖШС аумағында өрт тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Жылыой ауданы полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 18 қаңтар күні шамамен сағат 10:00-де Құлсары қаласына қарасты Теңіз вахталық қалашығында орналасқан «ТШО» ЖШС-нің 3-буынды зауыт аумағындағы электр тоқ трансформаторының өртенгені туралы хабарлама түскен. Араға аз уақыт салып, аталған аумаққа жақын орналасқан екінші трансформатордан да ақау шығып, өрт тіркелген. Оқиға орнына жедел әрекет ету шаралары ұйымдастырылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес зауыт аумағынан 473 жұмысшы толық эвакуацияланды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнында Теңіз полиция басқармасының қызметкерлері қызмет атқарды. Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстарымен «ТШО» ЖШС-нің өрт сөндіру бөлімі айналысып жатыр. Адам шығыны тіркелген жоқ, жағдай толық бақылауға алынған. Аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атырауда кәсіпкерлерге тыйым салынған шай түрлерін сатқаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді

Атырауда кәсіпкерлерге тыйым салынған шай түрлерін сатқаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары мен қаладағы супермаркет өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында бизнес өкілдеріне санитариялық заңнама талаптары түсіндіріліп, тыйым салынған өнімді әкелу және сату үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Атырауда  театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады

Атырауда театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының қызметкерлеріне арналған жаңа жатақхана бой көтереді. Бес қабатты заманауи ғимарат театр аумағындағы тозығы жеткен, ескі құрылыстардың орнына салынады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау әуежайында әуе қатынасы қалыпқа келді

Атырау әуежайында әуе қатынасы қалыпқа келді

Бүгіннен бастап Атырау халықаралық әуежайында (Х. Доспанова атындағы) барлық кешкі және жоспарланған рейстер 16 қаңтарға ауыстырылып, ұшуға дайындалуда. Бұл шешім ұшу-қону жолағындағы жағдай жақсарған соң қабылданды.

Қолайсыз ауа райына байланысты Атырау жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қолайсыз ауа райына байланысты Атырау жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қолайсыз ауа райына байланысты Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасының минусқа төмендеуі салдарынан өңірде көктайғақ қалыптасып, жолда жүру қиындаған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау–Астрахань автожолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, көктайғақ пен тұман салдарынан қозғалысы қиындаған көліктерді сүйемелдеп, жүргізушілерге қауіпсіз бағыт-бағдар беруде. Сонымен қатар жол бойында ескерту және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар жүргізушілерге ауа райының күрт өзгеруін ескеріп, алыс жолға шықпауға, жолда жылдамдықты асырмауға және сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдағы жағдай туралы ақпарат 112 арнасы арқылы алдын ала хабарланып отырады. Тұрғындарға ресми ескертулерге назар аударып, өз қауіпсіздігін бірінші орынға қою ұсынылады.

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалына жаңа төраға  сайланды

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress. Алқалы жиынға партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек арнайы іссапармен қатысты. Конференция барысында облыстық филиал төрағасы лауазымына ашық дауыс беру арқылы Бейбіт Мырзағалиев сайланды. Бұл шешім делегаттардың жаңа басшыға білдірген сенімі мен қолдауының айғағы болды. Жиында сөз сөйлеген Бейбіт Темірбекұлы партия ардагерлеріне, делегаттар мен партия активіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, алдағы кезеңдегі басым бағыттарды атап өтті. «AMANAT» партиясының басты мақсаты – халықтың сенімін нақты іспен ақтау. Өңірде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейту, сайлауалды бағдарламаның әр тармағын сапалы орындау, азаматтардың өтініш-тілектеріне жедел жауап беру – негізгі міндетіміз. Барша партияластарды ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етуге шақырамын», – деді ол. Жиын қорытындысында партияның алдағы жұмыс жоспары нақтыланып, бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру, халықпен кері байланысты күшейту және өңірлік сайлауалды бағдарламаның толық орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер белгіленді.

Атырауда өндірістік кәсіпорындар мен инвестициялық жобалар саны артып келеді

Атырауда өндірістік кәсіпорындар мен инвестициялық жобалар саны артып келеді

Өңірде жаңа өндірістер іске қосылып, инвестициялық жобалар саны көбейіп келеді, - деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Даму» қоры ұйымдастырған өндірістік кәсіпорындарға арналған баспасөз туры барысында белгілі болды. Шара аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өңірдегі бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен делегация «Талшықтекс» ЖШС-не барды. Кәсіпорында полипропиленді геотекстиль өнімдері өндіріледі. Қазіргі таңда мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан кейін «Assu Company» ЖШС-нің өндіріс орны көрсетілді. Компания 2023 жылы құрылып, 2025 жылы шағын зауытын іске қосты. Бұл – Атырау облысында газдалған және газдалмаған сусындар шығаратын алғашқы кәсіпорын. Бүгінде өндіріс өңірдің ішкі сұранысының 20 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Зауыттың жылдық қуаттылығы 6 миллион бірлікке жетеді. Қазіргі уақытта өнім Ресей нарығына экспортталуда, ал алдағы кезеңде ассортимент пен экспорт көлемін кеңейту жоспарланған. Айта кетейік, 2025 жылы өңірде 20 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 2025–2029 жылдары 45 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазір Атырау облысында 70 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 65 мыңнан астамы тұрақты жұмыс істейді. Ал «Атырау өнімі» өңірлік бағдарламасы аясында 725 жаңа жұмыс орны құрылған.

Атырауда көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Атырауда көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Атырау қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress. Қала аумағындағы қауіпті жол учаскелерінде, атап айтқанда бұрылыстарда, көпірлер мен негізгі магистральдарда арнайы құм-тұз қоспасы мен реагенттер себілді. Бұл шаралар көктайғақ салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жауапты қызмет өкілдерінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жағдайы тұрақты бақылауда. Қажет болған жағдайда қосымша техника мен мамандар тартылатын болады.Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты (минус температурада жаңбыр жаууы) республикалық маңызы бар KAZ-09 (A27) «Ақтөбе–Қандыағаш–Доссор–Атырау–РФ шекарасы (Құрманғазы)» автожолының Атырау – Құрманғазы (621–841 км) аралығы барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылды.