Атырау жастары референдумға ұлттық киіммен келуге шақырды

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұстаздары мен студенттері ұлттық киіммен челлендж жариялады деп хабарлайды AtyrauPress.
Олар оқу орны алдына жиналып, «Ұлт үшін маңызды таңдауға ұлттық киіммен барамыз» деген ұран көтерді.

Шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды ел болашағына қатысты маңызды қоғамдық оқиғаларға белсенді қатысуға шақыру.

- Наурыз - жаңару мен бірліктің, ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыратын кезеңі. Биыл бұл мереке ел үшін маңызды саяси оқиғамен тұспа-тұс келіп отыр. Референдум - әр азаматтың ел болашағына қатысты өз таңдауын білдіретін жауапты сәт. Сондықтан біз ұлттық мерекені ұлттық киіммен қарсы алып, ел тағдырына бейжай қарамайтынымызды көрсеткіміз келеді. Әрбір жас елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарап, өз азаматтық ұстанымын білдіруі тиіс, - деді Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Еламан Әбежанов.

Айта кетейік, челлендждің басты идеясы - ұлттық дәстүрді дәріптей отырып, қоғамды ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарауға үндейді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.