Білім

Атырау облысында 2027 жылға дейін 13 мектеп салынады

Атырау облысында 2027 жылға дейін 13 мектеп салынады

Аймақта алдағы жылдары 7930 оқушыға арналған жаңа мектептерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.Бұл бастама өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешеді. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов айтты.Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауында Өңірде білім сапасын арттыру мәселесі мемлекеттік деңгейде бақылауға алынған. 2025–2027 жылдарға арналған көрсеткіштер мен ашықтық тетіктері «Атырау облысында білім сапасын арттырудың 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасында» нақты айқындалған.  ⁃    Алдағы кезеңде білім саласында тек жаңа ғимараттар салу емес, сапалық көрсеткіштерге де басымдық беріледі. Соның ішінде оқушылардың халықаралық PISA зерттеуіндегі нәтижесін республикалық орташа деңгейге жақындату, функционалдық сауаттылықты арттыру көзделген, - деді М. Әбуов. Педагогтердің білімін бағалау тестінен өткен мұғалімдердің үлесін 70–80%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Кадр тапшылығын азайту мақсатында жергілікті бюджет есебінен жыл сайын гранттар бөлініп келеді.  

Атыраулық студенттер әзірлеген AI-платформа үлгерімді 12%-ға арттырды

Атыраулық студенттер әзірлеген AI-платформа үлгерімді 12%-ға арттырды

Атыраулық студенттер әзірлеген Edu Data Insight интеллектуалды платформасы университет студенттерінің академиялық үлгерімін бір семестр ішінде орта есеппен 12%-ға арттырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазақстанда патент алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда патент алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда өнертабыс пен жаңа технологияларды тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылды, деп хабарлайды AtyrauPress.Әділет министрлігі дайындаған жоба 2026 жылғы 11 наурызда Ашық НҚА порталында жарияланды. Жоба бойынша өнертабысқа патент алу рәсімі жеңілдетілуі мүмкін. Сонымен қатар авторлық құқықты қорғау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде патент алу процесі ұзақ әрі күрделі саналады. Ал ұсынылып отырған өзгерістер қабылданса, жаңа технологияларды тіркеу оңайырақ болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл қадам ғылым мен инновацияның дамуына ықпал етуі мүмкін. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Qyzmet-Police.kz платформасы арқылы 40-тан астам үміткер алғашқы даярлық курстарына қабылданды

Qyzmet-Police.kz платформасы арқылы 40-тан астам үміткер алғашқы даярлық курстарына қабылданды

Атырау облысында полиция қызметіне қабылдау және ІІМ оқу орындарына түсу үдерісі толық цифрлық форматта жүзеге асырылуда. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Гүлім Аманжолова мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Білім – болашақтың берік іргесі

Білім – болашақтың берік іргесі

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым саласын дамытуға ерекше мән берілген. Бұл бағыт елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын маңызды қадамдардың бірі. Мамандардың айтуынша, білім беру жүйесін жетілдіру – мемлекет дамуының басты шарттарының бірі. Сондықтан жаңа Конституция жобасында адам капиталын нығайтуға басымдық берілуі заңды құбылыс. Білім мен ғылым саласына көңіл бөлу арқылы мемлекет бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді. Бұл – экономикалық өсімге де, қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің артуына да тікелей әсер ететін фактор. Сарапшылардың пікірінше, білім саласын қолдау елдің болашақ дамуы үшін стратегиялық маңызы бар. Альбина Мидар, Индер аудандық өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Атырауда инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті

Атырауда инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті

Ұлттық білім беру дерекқорының мәліметіне сәйкес, өңірде ерекше білімді қажет ететін балалар саны 7052 болса, оның ішінде 5737 бала психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындарға ие болды

Атыраулық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындарға ие болды

Атырау облысының оқушылары Қарағанды қаласында өткен республикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғылыми жобалар конкурсында бірнеше жүлдені қанжығалап, үздік нәтижелер көрсетті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда «JasUP» білім беру жобасының тоғызыншы легі қорытындыланды

Атырауда «JasUP» білім беру жобасының тоғызыншы легі қорытындыланды

Қорытынды шарада қамыс өрттерін ерте анықтауға арналған смарт-дрон, МӘМС жүйесін оңтайландыруға бағытталған MedAI цифрлық экожүйесі, өндірістік автоматтандыру шешімдері, роботтандырылған құрылғылар және экологиялық-әлеуметтік веб-платформалар таныстырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз айында өтетін ұбт-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

Наурыз айында өтетін ұбт-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.

Атырауда балабақшадағы бір балаға бөлінетін қаржы өзгермек

Атырауда балабақшадағы бір балаға бөлінетін қаржы өзгермек

Атырау облысында балабақша саласына қатысты маңызды өзгеріс талқыланып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress. Облыс әкімдігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысына және ата-ана төлемақысына қатысты қаулыға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Атырау облысы Білім беру басқармасының хабарлауынша, бұл өзгеріс 2026 жылға айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Соған сәйкес балабақшадағы бір тәрбиеленушіге ай сайын бөлінетін қаржы мөлшері қайта қаралады. Жауапты органның мәліметінше, ұсынылып отырған өзгеріс әлеуметтік немесе экономикалық тұрғыда кері әсер етпейді. Құжат заң талаптарына сай әзірленген. Қаулы жобасы қазір ашық талқылауға шығарылды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 17 ақпанға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіре алады. Айта кетейік, бұл өзгерістер өңірдегі балабақшалардың қаржыландырылуына және ата-аналардың төлемақысына тікелей қатысты. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ