Қазақстанда патент алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда өнертабыс пен жаңа технологияларды тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Әділет министрлігі дайындаған жоба 2026 жылғы 11 наурызда Ашық НҚА порталында жарияланды.

Жоба бойынша өнертабысқа патент алу рәсімі жеңілдетілуі мүмкін. Сонымен қатар авторлық құқықты қорғау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде патент алу процесі ұзақ әрі күрделі саналады. Ал ұсынылып отырған өзгерістер қабылданса, жаңа технологияларды тіркеу оңайырақ болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл қадам ғылым мен инновацияның дамуына ықпал етуі мүмкін.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.