Белсенді боламын десең...

15 наурызда өтетін референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. Бұл – әрбір азаматқа мемлекет болашағына қатысты өз пікірін тікелей білдіруге берілетін мүмкіндік. Референдум арқылы халық белгілі бір шешімге тек бақылаушы ретінде емес, белсенді қатысушы ретінде араласады.

Қоғамның дамуы үшін азаматтардың саяси процестерге қатысуы аса маңызды. Осындай сәттерде әркім өз таңдауын саналы түрде жасап, елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан референдумға қатысу – тек құқық қана емес, азаматтық борыш деп есептеймін.

Бақберген Сақипов, Amanat партиясы «Индер» бастауыш ұйымының төрағасы