Қазақстанда

Депутат банктердің борышкерлердің шотын жаппай бұғаттауына қарсы шықты

Депутат банктердің борышкерлердің шотын жаппай бұғаттауына қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мерзімі өткен несиелері бар азаматтардың банктік шоттарын бұғаттау тәжірибесін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress. Оның айтуынша, қолданыстағы жүйе халықты қарызға батырып қана қоймай, жұмыс істеу, салық төлеу және қалыпты өмір сүру мүмкіндігін шектеп отыр.

Құрылтай нәтижесі: Шекара маңындағы 3,5 млн халықтың жағдайы жақсарады

Құрылтай нәтижесі: Шекара маңындағы 3,5 млн халықтың жағдайы жақсарады

Ұлттық құрылтай жаңадан құрылған облыстардың дамуына айрықша серпін берді. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда айтты.

Мәжіліс елдегі ең маңызды заң жобаларын бірдей қолға алды – не өзгермек?

Мәжіліс елдегі ең маңызды заң жобаларын бірдей қолға алды – не өзгермек?

Мәжіліс комитеттері бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы Парламенттің ресми Telegram-арнасында жарияланған. Жаңа заң жобаларының ішінде: Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру; Машина жасауды дамыту; Жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау; ҚР мемлекеттік қызметі және оған қосымша түзетулер; Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа байланысты өзгерістер; Инвестициялық қорлар мен оған ілеспе түзетулер; Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасындағы қосарланған салықты болдырмау мәселелері. Мәжіліс бұл заң жобаларын қарау арқылы экономика, қауіпсіздік және мемлекеттік басқару салаларында маңызды өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, кейбір заң жобалары халықаралық келісімдерге де қатысты, яғни олардың нәтижесі тек Қазақстанда ғана емес, шетелдік ынтымақтастыққа да әсер етеді.

Суды заңсыз пайдаланғандар енді қатаң бақылауда болады

Суды заңсыз пайдаланғандар енді қатаң бақылауда болады

Елімізде су ресурстарын заңсыз пайдалануға қарсы республикалық жұмыс тобы құрылады, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, аграрлық секторда су тапшылығының алдын алу және су ұрлығымен күресті күшейту үшін бірқатар нақты шаралар қолға алынбақ. 2025 жылғы вегетациялық кезең еліміздің көп өңірі үшін күрделі жағдайда өтті. Құрғақшылық пен су шаруашылығы жүйесіне түскен жүктеме артқанына қарамастан, уақтылы басқару шешімдері мен өңірлер арасындағы үйлестірудің арқасында суару маусымы ауыл шаруашылығы үшін шығынсыз аяқталған. Ведомство дерегінше, 2025 жылы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін суаруға 11,1 текше километр су пайдаланылған. Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 153,5 мың гектарға жеткен. Бұл су тапшылығы жағдайында маусымды жеңіл өткізуге мүмкіндік берген негізгі факторлардың бірі болған.Алдағы кезеңге дайындық аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылдың ақпан айында су келуінің ең қолайсыз сценарийін ескере отырып, су тұтыну лимиттерін нақтылайды. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы наурызда егіс алқаптарының құрылымын қайта қарамақ. Сонымен қатар су ресурстарын заңсыз пайдалану мәселесі де күн тәртібінде тұр. Осыған байланысты Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді. Құжат су ұрлығы мен заңсыз су пайдалануға қарсы күрес үшін құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен республикалық ведомствоаралық жұмыс тобын құруды көздейді. Айта кетейік, бұл жұмыс тобы су ресурстарын қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу және алдағы суару маусымдарына жүйелі дайындық жүргізу мақсатында тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.

2,1 трлн теңге көлеңкеде жүрген: Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің деректерін тыңдады

2,1 трлн теңге көлеңкеде жүрген: Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің деректерін тыңдады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді. Кездесу барысында Президентке Агенттіктің 2025 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.Жанат Элимановтың айтуынша, жыл ішінде 1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 млрд теңге өтелген. Заңсыз қолма-қол ақша айналымымен айналысқан 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның қызметі тоқтатылған. Сонымен қатар есірткі саудасы мен алаяқтық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қатысы бар 22 астыртын криптоалмасу қызметі жабылып, 20 мыңнан астам дроп-карта бұғатталған. Қаржы секторында күмәнді деп танылған 2 мың компания және 56 мың адаммен іскерлік байланыс үзілген. Агенттік инфрақұрылымдық жобаларда бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына да тосқауыл қойған. Атап айтқанда, 53 жоба бойынша 264,2 млрд теңге көлеміндегі шығынның алдын алу мүмкін болған. Сондай-ақ көмір бағасының жасанды өсуіне әсер еткен 2 млрд теңгелік заңсыз сыйақы схемасы әшкереленді. Бұдан бөлек, контрабандалық жолмен шетелге 102 мың тонна бензин шығару әрекетінің жолы кесіліп, ел ішіндегі жанар-жағармай тапшылығының алдын алу шаралары қабылданған. Онлайн-казино қызметі арқылы заңсыз айналымға түскен 2,1 трлн теңге анықталғаны да айтылды. Мәселенің өзектілігі – көлеңкелі экономика, заңсыз қаржы айналымы және алаяқтық әрекеттердің қоғам мен мемлекетке келтіретін шығынының артуында. Осы себепті Президент қаржылық қауіпсіздікті күшейту, әлеуметтік маңызы бар салалардағы заңбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты ұсыныстармен танысты

Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты ұсыныстармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық және парламенттік реформаларға байланысты әзірленіп жатқан ұсыныстарды қарады, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен кезекті жұмыс кеңесін өткізген. Кездесу барысында Ерлан Қарин 9 қаңтарда өткен Жұмыс тобының отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесі, өкілеттігі мен функциялары бойынша бірқатар тәсілдер әзірленгенін жеткізді. Сондай-ақ Парламенттің атқарушы және басқа да билік тармақтарымен өзара іс-қимылы талқыланған. Ал Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен қоғам тарапынан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды. Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру маңызды екенін атап өтті. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және билік институттарының тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, реформалар бойынша түпкілікті шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатыны айтылды. Айта кетейік, кеңес барысында Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі де қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын 20 қаңтарға белгіледі. Осы уақытқа дейін дайындық жұмыстары жүргізіледі.