Тыныштық күні мен референдум өтетін күні үгіт-насихатқа байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады, ол үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.
«Біріншіден, үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Тыныштық күні – бұл шын мәнінде тыныштық күні, яғни ешқандай үгіт-насихатқа жол берілмейді. Егер бұрын ілінген үгіт материалдары болса, оларды алып тастау талап етілмейді, бірақ, мысалы, оларды әлеуметтік желілерде қайта жариялауға болмайды. Яғни қандай да бір белсенді жұмыс жүргізуге тыйым салынады», – деген еді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.