Биыл еңбек инспекторлары өңірдегі 5 кәсіпорыннан 30,3 млн теңге жалақы берешегін өндіріп, 15 жұмыскердің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі
Құқық
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов ӨКҚ алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің 389-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау), деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда интернет-алаяқтыққа қарсы “Anti-Fraud Call Center” ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстанда 2022 жылдан басталған конституциялық реформалар жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, мемлекеттің әрі қоғамның жаңғыруына жаңа серпін берді, ал ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – сол өзгерістердің логикалық жалғасы әрі оларды заңдық тұрғыдан бекітетін шешуші қадам болып отыр. Бұл пікірді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасулов білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.Профессордың айтуынша, мемлекетті жаңғырту тек жеке түзетулермен шектелмей, билік жүйесінің құрылымы, халық өкілдігі және құқықтық механизмдердің кешенді түрде қайта қаралуын талап етеді. Сондықтан жаңа Конституция жобасы билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтып, құқықтық жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Ермек Әбдірасулов бірпалаталы Құрылтайға көшу мен Халық Кеңесін құруды заман талаптарына сай, тарихи дәстүрлермен сабақтасқан маңызды институционалдық қадам ретінде бағалады. Бұл өзгерістер азаматтардың өкілдігін күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жобада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге басымдық берілген«Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, заңның кері күшіне тыйым салу, адвокатураның конституциялық мәртебесін бекіту – құқықтық әрі демократиялық мемлекетті қалыптастырудың берік негізі», деп атап өтті профессор. Осылайша жаңа жоба азаматқа бағдарланған және құқық қорғаудың кепілдіктерін қамтамасыз ететінін баса айтты. Сарапшының пікірінше, қазіргі кезеңде сыртқы қауіп-қатерлердің күшеюі, цифрландыру, энергия ресурстары үшін жаһандық бәсеке және халықаралық қатынастардың жаңа форматы мемлекеттік басқаруды жетілдіруді қажет етеді. Сол себепті жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету және билік институттарының өкілеттіктерін нақтылау басты мақсат ретінде белгіленген. Жоба еркіндік, теңдік, әділдік, Заң мен Тәртіп қағидаттарына негізделген, сонымен бірге цифрлық құқықтарды қорғау, дербес деректер қауіпсіздігі және жаңа технологиялар жағдайындағы құқықтық кепілдіктерді қарастырады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтеді, сонымен қатар елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономикалық және әлеуметтік дамуды қолдайды. Аяна ТОҒАНБЕК.
Атырау облысы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Шараға Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Айбол Ідірісов қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді. Мамандар есірткі қылмыстарының салдары мен оның адам өмірі мен болашағына тигізетін зияны жөнінде айтып, жастарды заңға бағынуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шараның мақсаты — қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды зиянды әдеттерден сақтандыру бағытында профилактикалық кездесулер мен түсіндіру шараларын ұдайы жүргізіп келеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Пробация есебінде тіркелген есірткі қылмыстары бойынша сотталған тұлғалар және “Жастар рухы қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қала аумағында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттайтын, сайттарға сілтемелері бар заңсыз жазуларды бояу бойынша кезекті рейдтік жұмыстарын жүргізді.
3-5 наурыз аралығында республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара мал ұрлығының алдын алуға, осы қылмыс түріне қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және оларды заң талаптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған.
Өңірімізде жыл басынан бері 200-ден астам киберқылмыс тіркелді. Олардың басым бөлігі интернеттегі алаяқтықпен байланысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған құқықтық түсіндіру жиыны өтті. Іс-шарада заң үстемдігін нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқыланды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
