Астанада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Мемлекет басшысы жиында мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.Форум барысында Президент елде жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру екенін айтты. Сондай-ақ мәслихаттардың әлеуетін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Бұл форумға қатысқан Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Нұрлыбек Даралиев жиынның маңызына тоқталды. - Форумда Мемлекет басшысы мәслихаттардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Президент жергілікті өкілді органдардың аймақтардың дамуына нақты үлес қосуы тиіс екенін атап өтті. Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы сенімді көпір болып, өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуге белсенді араласуы қажет. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді Нұрлыбек Даралиев. Оның айтуынша, Президент мәслихаттардың алдында тұрған бірнеше негізгі міндетті атап өткен. Атап айтқанда, жергілікті бюджеттерді тиімді жоспарлау, табыс көздерін арттыру және әрбір қаржының халық игілігіне жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік басқаруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығына да тоқталған. - Бүгінгі таңда депутаттардың кәсіби біліктілігін арттыру, цифрлық құзыреттерін дамыту – уақыт талабы. Форум барысында осы бағыттағы бастамалар кеңінен талқыланды. Мұндай кездесулер депутаттардың тәжірибе алмасуына және өңірлердегі жұмысты тиімді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді, - деді депутат. Айта кетейік, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылау мақсатында өткізіледі. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.
Саясат
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады...
Республикалық референдум барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың және денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге мәжбүр тұрғындардың құқықтарын қамтамасыз ету – сайлау процесінің маңызды бөлігі. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен нақты реттелген.
Референдум бойынша туындаған мәселелерді мына call-орталықтар мен телеграм боттарға жолдауға болады.
Егер дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет.
Дауыс беруге құқығы бар азаматтар өз референдум учаскелерін анықтау үшін Телеграм әлеуметтік желісіндегі арнайы ашылған «AtyrauReferendumBot» https://t.me/SailauAtyrauBot аккаунтын немесе облыс әкімдігінің ресми сайтының https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau?lang=kk «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ 2026» бөліміндегі «Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!» сілтемесін пайдалана алады.
Атырау облысында 15 наурызда өтетін Конституцияның жаңа жобасына байланысты республикалық референдумға облыс бойынша 276 учаскелік референдум комиссиясы дайындық жүргізуде.
ИНДЕР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АУДАН ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДА «КОНСТИТУЦИЯ: КЕШЕ БҮГІН ЕРТЕҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ «QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ. МАҚСАТ – ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІН ТЕРЕҢ ТҮСІНУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ӘСЕРІН ТҮСІНДІРУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН АРҚЫЛЫ СЫНИ ОЙЛАУ, АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КОМАНДАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ.
Жалпыұлттық коалиция өкілдері Арман Амантаев, Жомарт Қиялов және Мекен Қарманов елордадағы «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндірді.
Жалпыұлттық коалиция өкілдері жаңа Конституцияның құқықтық нормалары туралы түсіндіру бағытында Сүйіндік ауылында кездесу ұйымдастырды. Кедесуге коалиция мүшелері Думан Меңдешов, Қайырбек Ерекенов, Индира Ахметова қатысты.
Мақат аудандық коалиция мүшелері А.Долдашев, А.Шаңғалаев, Б.Ниязгалиев, А.Дәулетқалиев мұнайшылармен кездесіп, қоғам талқысына түскен маңызды құжат туралы кеңінен түсіндірді.
Сәтбаев қаласында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің оқу орнының еңбек ұжымымен кездесуі өтті.
