Атырауда референдум учаскелері қалай анықталады?

Дауыс беруге құқығы бар азаматтар өз референдум учаскелерін анықтау үшін Телеграм әлеуметтік желісіндегі арнайы ашылған «AtyrauReferendumBot» https://t.me/SailauAtyrauBot аккаунтын немесе облыс әкімдігінің ресми сайтының https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau?lang=kk «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ 2026» бөліміндегі «Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!» сілтемесін пайдалана алады.

Бұл жолдар арқылы әрбір азамат өз ЖСН-ін енгізіп, қай учаскеге тіркелгенін біле алады. Сонымен қатар, азаматтар 109 бірыңғай анықтамалық қызметке хабарласып, Атырау қаласы мен аудан орталықтарында ашылған әкімдіктердің call-орталығына да жүгіну мүмкіндігіне ие. Атырау қаласындағы учаскенің нақты орналасқан жерін 2 ГИС электрондық анықтамасы арқылы табуға болады.