Аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұртілек Батуов З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында болып, Конституция жобасын түсіндіріп, пікір алмасу жиынын ұйымдастырды.
Айнагүл Күнұзаққызы құжат жобасының бөлімдеріне тоқталып, Ата заң Әділетті Қазақстан идеясы мен Заң мен тәртіп қағидатын ұстанып, адамның құқығы мен бостандығын мүлтіксіз сақтауға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ мәдениет пен білім, ұстаздардың мәртебесі, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігіне назар аударатынын айтты. Нұртілек Батуов конституциялық реформалардың ел дамуына, демократия үдерісінің нығаюына бағытталғанын атап өтті. Сондықтан мемлекетіміздің келешегі үшін маңызды шешімдер қабылдауда жұрт болып жұмылудың маңыздылығын жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мектеп директоры Руслан Амангелдіұлы елдің болашағы жолында алдағы референдумға біркісідей атсалысатындарын жеткізді.