Мақат аудандық коалиция мүшелері мұнайшылармен кездесті

Мақат аудандық коалиция мүшелері А.Долдашев, А.Шаңғалаев, Б.Ниязгалиев, А.Дәулетқалиев мұнайшылармен кездесіп, қоғам талқысына түскен маңызды құжат туралы кеңінен түсіндірді. 

“Доссормұнайгаз” МГӨБ-да өткен басқосуда жаңа Конституцияның қоғам үшін аса маңызды нормалары талқыланып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтар сөз болды. 

Пікір алмасу алаңында адам құқықтарын қорғау мен азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, әділетті басқару жүйесін қалыптастыру және білім мен технологияға негізделген бәсекеге қабілетті мемлекет құру мәселелері басты назарға алынды.